Алматы тауларында тізіліп өткен қара көліктер қала тұрғындарын ашуландырды
Фото: DALL-E
Желіде Алматы тауларындағы жолдармен жүйткіп бара жатқан қара түсті көліктердің ұзын тізбегінің бейнежазбасы тарап кетті. Бейнежазба авторы бұл көліктердің жаңа әкімді алып бара жатуы мүмкін екенін айтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлеуметтік желіде Алматы тауларындағы «денсаулық баспалдағы» маңында бірнеше қара автокөліктің тізіліп өткен бейнежазбасы тарап кетті. Кадрларда полиция көліктері мен шағын автобус қара көліктерді бастап бара жатқанын көруге болады.
Бейнежазба Kris_p_astana парақшасында жарияланды. Бұл аймақта қарапайым туристер автокөлікпен жүре алмайды. Тек электромобильдер немесе электротакси рұқсат етілген. Мемлекеттік қызмет көліктері бұл шектеуден босатылған.
Алматылықтар жаңа сайланған әкім Дархан Сатыбалдыны алып бара жатқан болуы мүмкін екенін айтты. Алайда Дархан Сатыбалдының баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында олардың әкімге еш қатысы жоқ екенін айтты.
«Алматы әкімі жұмыс сапарларында жол қозғалысын жаппайды, патрульдік машиналарды да ілестірмейді» деп жазды ол.
Әзірге жолды жауып тұрып, тізіліп өткен көліктерде кімнің отырғаны беймәлім.
Жаңалықтар
- Санитарлық дәрігердің қаулысы: Астанада тұмау белгілері бар балалар мен ұстаздар сабаққа жіберілмейді
- Ақтаудағы аялдамалардың бірінен ер адамның мәйіті табылды
- Алдағы аптада Алматыда минус 21 градус суық болады
- АҚШ Қарулы Күштері Латын Америкасындағы есірткі картельдеріне әуе шабуылын бастайды
- Берік Уәли онлайн ойынның кейіпкері болады
- Орталық Азияға астық экспорты: Өзбекстанның қамбасы лық толды, Қазақстан жаңа шешім іздеуде
- Қазақстанның үш облысында ауа райына байланысты жол қозғалысы шектелді
- Гоада клубтан шыққан өрт 25 адамның өмірін жалмады
- Зеленский Уиткоффпен және Кушнермен Ресейдің жаңа шабуылының қаупі туралы телефон арқылы сөйлесті
- Қазақтың жас таеквондашысы Бейбарыс Қаблан әлем чемпионы атанды
- Түркістанда жұдырығы жуан шенеунік қызметінен айырылды
- Алматыда түнде болған алапат өрт сөндірілді
- Батырхан Төлеуғали жастар арасында таеквондодан әлем чемпионы атанды
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды