«Естімейтін спортшылар бар»: Алматы облысында жол апатынан 7 адам тіл тартпай кетті
Фото: әлеуметтік желіден
Алматы-Бішкек тасжолында жеңіл көлік жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысып, 7 адам ажал құшты, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты тасжолдың 129-шақырымында болған. Алдын-ала мәлімет бойынша, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда қозғалып бара жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесіне соқтығысқан.
«Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлікте болған жеті адамның бәрі, оның ішінде жүргізуші де алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты», – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір қайғылы оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бұл қайғылы жол апатынан есту қабілетінен айырылған 5 спортшы қаза тапқаны белгілі болды. Олар Бішкекте өткен естімейтін спортшылар арасындағы футбол турнирінен қайтып келе жатқан. Бұл туралы Арсен Шакуов деген Facebook қолданушысы жазды. Ол тіпті марқұмдардың аты-жөнін де атап өтті.
Асыл Ибраимов – естімейтін спортшылар арасындағы футболдан жаттықтырушы болған. Дмитрий Мочальский – шахматтан естімейтін спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы атанған. Сәкен Смағұлов, Сергей Волковинский, Серік Молдашев – естімейтін спортшылар арасындағы футбол ардагерлері, ұлттық құраманың мүшесі болған.
Айта кетейік, Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары тағы да аукционға шығарылды.
Жаңалықтар
- Алматы облысында жол апатынан 7 адам тіл тартпай кетті
- «Қазақстанда журналистерге еркіндік жоқ»: Галым Агелеуов «Дождь» телеарнасында Orda.kz жайлы сөз сөйледі
- «Казинода астыртын әрекеттер жасаған»: Сиднейде қазақстандық ерлі-зайыпты ұсталды
- «Бұл бапты алып тастау қажет»: Журналистер одағының Гүлнәр Бажкеноваға қатысты мәлімдемесі
- Қайрат Сатыбалдының Алматыдағы «Байсат» базары тағы да аукционға шығарылды
- Қазақстандық оқушылар халықаралық олимпиададан жүлделермен оралды
- Тәуелсіз «Орда» сайтының бас редакторы 2 айға үй қамаққа қамалды
- Ақтауда өткен «Рухтың шамы – Пір Бекет» атты ақындар мүшәйрасына қатысты дау шықты
- Атырау облысында тұрғындар зираттарды қиратып кеткендерді жазалауды талап етті
- Алматы әуежайында жаңа туған сәбилерді Қазақстаннан әкетуге тырысқан шетелдіктер ұсталды
- Алматыда ауладағы баланы теуіп құлатқан ер адам ұсталды
- «Қайраттың» бұрынғы бапкері 46 жасында көз жұмды
- Алғабастағы алапат өрттен аман қалған 7 жастағы қыз да қайтыс болды
- «Сен кімсің өзі?»: Құзырлы орган қызметкерлері Orda.kz заңгеріне дөрекілік танытты
- Orda.kz редакциясына қаруланған әскерилер келіп, тінту жүргізіп жатыр
- «Қара киінген адамдар. Белгісіз көліктер»: Редакциядағы әріптестерімізден хабар жоқ
- Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды
- Елордадағы Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық елімізге миллиардтаған шығын келтірді
- «Құмар ойынды ауыздықтау»: Ресейдің есеп жүйесін енгізіп егемендіктен айырылып қалмаймыз ба?
- Еліміздегі Airbus бағдарламалық жасақтамасын жаңарту толық аяқталды