Алматы әкімдігі: әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық өзгермейді

cover

Алматы әкімдігі әл-Фараби даңғылындағы көлік қозғалысы жылдамдығын сағатына 60 шақырымға дейін азайту қарастырылмағанын жеткізді, деп хабарлайды  Orda.kz.

— Алматы әкімдігі әл-Фараби даңғылындағы жылдамдық режимін сағатына 80 шақырымнан 60 шақырымға өзгерту мәселесін қарастырып жатқан жоқ, - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін еліміздің ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимі азайтылуы мүмкін екенін айтқан.

— Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жылдамдық режимі 15 жыл бойы сағатына 80 шақырымға дейін ұлғайтылды. Менің білуімше, қазір әкімдік жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайту мәселесін қарастырып жатыр. Бұл ретте жергілікті атқарушы органдар әкімдікке қарайтын жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ұсынысын және жол инфрақұрылымын ескере отырып, шешім қабылдайтын болады, - деген болатын ІІМ басшысы.

 2019 жылдың басында әл-Фараби даңғылында жылдамдық сағатына 60 шақырымға дейін азайтылды. Полиция сол кезде мұндай шараның жол апаты мен жолдағы адам өлімін азайту үшін қабылданғанын айтқан болатын. Дегенмен сол жылы тамызда даңғылдағы жылдамдық сағатына 80 шақырымға дейін қайта ұлғайтылды.

Қала тұрғындары әкім Бақытжан Сағынтаевқа осындай өтінішпен жүгінген. Жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайтқан соң қаладағы жол апатына қатысты жағдай жақсармаған, жол апаты да азаймаған. Сол себепті қала тұрғындары әкім Бақытжан Сағынтаевқа осындай өтініш білдірген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар