Алматы әуежайы түрік менеджерінің ұсталғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды
Бұған дейін қазақстандық арнайы қызмет Алматы халықаралық әуежайы әкімшілік департаменті басшысының орынбасары Уфук Сертті ұстағаны туралы хабарланған болатын. Әуежайда тінту болды деген ақпарат тарады.
Алайда әуежайдың баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды:
«Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды».
Дегенмен, әйтеуір бір істің тергеуі туралы жаңалық расталды.
«Қазіргі уақытта «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ жүргізіліп жатқан тергеуге қатысты уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеуде. Тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беріледі. Сондай-ақ қызметтік тексеріс жүргізілуде» деп толықтырды баспасөз қызметі.
ҚазТАГ агенттігі Уфук Серттің ұсталғаны және әуежайдағы тінтулер туралы ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады. Тергеуді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экономикалық қылмыстармен айналысатын 4-ші басқармасы жүргізіп жатыр деген де әңгіме тарады. Әуежайдағы тінту, сол хабарламада айтылғандай, есірткіге қатысты болған.
Жақында Қазақстаннан әуежайдың екі вице-президенті кеткені де белгілі болды. Йеткин Четин Пакер мен Фатих Өмір жаңа жыл алдында қызметтерінен кетті.
Жаңалықтар
- Жолдарда полиция бірнеше есе көбейді
- Лисаковскідегі бала зорлағыш өмірінің соңына дейін түрмеге тоғытылды
- Жағармай үшін өмірін жақты: Әскери бөлім қоймасының меңгерушісі тоғыз жылға сотталды
- Алматы облысындағы Нарынқол шекара бекетінде әскери қызметші мен баласы қаза тапты
- ТЖМ еліміздің оңтүстігіндегі жер сілкінісінен кейін нысандар мен ғимараттарды тексерді
- Бас прокуратура алаяқтардың жаңа «әдісі» туралы ескертті
- Алматы кәуапханаларында экологиялық және санитарлық бұзушылықтар анықталды
- Стоматологиядағы бала өліміне қайталама наркоз бен ескерілмеген препараттар себеп болуы мүмкін — сарапшы
- БЖЗҚ нарықты шайқады: жарты триллион теңгеге жуық аударым баспана бағасын шарықтатып жіберді
- Әлем чемпионаты: 2026 жылдың топтық кезеңі белгілі болды
- Тоқаев Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, туған күнімен құттықтады
- 2026 жылдан бастап мемлекеттік сатып алуда ҚҚС қалай жұмыс істейді
- Ақмола облысында автобус пен экскаватор соқтығысып қалды, зардап шеккендер бар
- Қазақстан енді ақбөкен мүйіздерін заңды түрде экспорттай алады
- Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тоқтатылды
- 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының алауы Римде жағылды
- Елімізде бизнесмендер үшін жоспарлы салық тексерістері алынып тасталды
- Дәулет Тұрлыханов Қазақ күресі федерациясының басшысы қызметінен кетті
- Еріктілік туралы: Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының арнайы сессиясында сөз сөйледі
- «Қайрат» Чемпиондар лигасының 1/4 финалына шықты