Алмат Сақатов орыстарға өзгеше үндеу арнады

cover

Белгілі актер әрі сыншы Алмат Сақатов елімізге Ресейден келіп жатқан орыстарға қаратып видео үндеу жасады.

Бейнеүндеуін актер өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

– Құрметті орыстар, Қазақстанда жер көп. Бірақ ол сендердікі емес. Келмеңдер!, – деді видеодағы өз сөзінде Алмат Сақатов.

Әзіл күйінде түсірілген бейнежазбаның терең астары бар.

Еске салсақ, соңғы кездері Ресейге салынған санкция салдарынан елімізге көрші ел азаматтары көптеп келіп жатыр. Көпшілік бұл Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне төнген қауіп деп бағалауда. Сондықтан биліктен көші-қон үрдісін реттеуді талап етіп отыр.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар