Алек Болдуиннің қолынан қаза тапқан кинооператор Кеңес одағының тумасы

cover

АҚШ-та түсірілім кезінде актер Алек Болдуин абайсызда атып жіберген кинооператор Галина Хатчинстің Кеңес одағында дүниеге келгені белгілі болды.

Бұл туралы halynahutchinsdp.com сайтында хабарланды, деп жазады Orda.kz.

Украинада дүниеге келген Галина Кеңес үкіметінің әскери базасында бұғылар мекен еткен жерде өскен екен. Галина Киев университетінің халықаралық журналистика бөлімін аяқтаған соң  тергеуші-журналист ретінде Британиядағы кинодокументалистермен тығыз қарым-қатынаста болған.

Соңғы уақыттары ол Лос-Анджелесте өмір сүріп,  «Дорогуша» және «Заклятый враг» фильмдерінің түсірілімдерінде оператор болған. 

Orda.kz. жазғандай Нью-Мексико штатында өтіп жатқан «Ржавчина» киносының түсірілімі кезінде қайғылы орын алған.

Алек Болдуин бос оқтың орнына кәдімгі оқ салынған қарумен абайсызда адамдарды атып жіберген. Салдарынан фильм режиссері жарақаттанды. 42 жастағы оператор Хатчинс алған ауыр жарақатының салдарынан ауруханада көз жұмды.

Белгілі болғандай, Алек Болдуин шериф басқармасына өз еркімен барып, тергеушілерге мән-жайды түсіндірген. Басқармадағылар актерді үйіне жіберген.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар