Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?

cover Фото: Elements.envato.com

Әлеуметтік желіде Ақтөбеде екі адамның мәйіті табылып, қалада маньяк пайда болды деген ақпарат тарады. Алайда полиция бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.

Ақтөбеде екі адамның денесі табылғаны және қалада маньяк жүргені туралы ақпарат тарады. Өңірлік полиция департаменті аталған ақпаратты жоққа шығарды. Құқық қорғау органдары қалада маньяк туралы тараған мәлімет шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеді.

Сонымен қатар, полиция ер адамның мәйіті табылғанын растады. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеушілер болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті жедел-тергеу шараларын жүргізіп жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Полиция тұрғындарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырып, жалған ақпарат таратқандар заң алдында жауапқа тартылатынын ескертті.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар