АҚШ-та 8 мамыр — «Жеңіс күні» деп жарияланды
Фото: Эрик Трамп
Дональд Трамп АҚШ екінші дүниежүзілік соғысқа басқа елдермен салыстырғанда әлдеқайда үлкен үлес қосқанын айтып, 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы Трамп Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Президент АҚШ соғысқа басқа елдерден көбірек күш салғанын, тіпті салыстыруға келмейтінін жазды.
«8 мамырды Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп жариялаймын. Ал 11 қараша — Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні болады», – деп жазды Трамп.
Трамп өз жазбасында АҚШ-тың ерлігі мен әскери шеберлігіне тең келетін мемлекет жоқ екенін баса айтып кетті.
«Біз екі соғыста да жеңдік. Біздің күшімізге, ерлігімізге және әскери шеберлігімізге ешкім тең келе алмады. Бірақ қазір біз ештеңе тойламаймыз. Өйткені бізде енді ондай көшбасшылар жоқ. Уақыты келді — жеңістерімізді қайта тойлайтын кез жетті!» – деді Трамп.
Еске сала кетейік, Дональд Трамп 2024 жылдың қараша айында сайлауда жеңіске жетіп, АҚШ-тың 47-президенті атанған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды