Аймағамбетов жаңа оқу жылын дәстүрлі бастаудан үмітті

cover

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында оқушылар дәстүрлі оқу форматына қайта оралуы мүмкін деді. Өйткені, елімізде екпе алу қарқындап, коронавирус жұқтыру деңгейі төмендеуде.

— Жаңа оқу жылында мектептер ашылып, балалар дәстүрлі форматта білім алу мүмкіндігіне ие болады деп үміттенеміз. Әрине, ол үшін вакцинация сынды өте маңызды әрі қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау керек. Мектептеріміз ашылуы үшін ол өңір «қызыл»  аймақта болмауы тиіс, оның «жасыл»  аймақта болғаны абзал, - деді Аймағамбетов.

Осылайша   министр вакциналау арта түсіп,  ауру жұқтыру деңгейі төмендеп, жаңа оқу жылын онлайн форматта бастауға болатынынан үмітті.

Бұған  дейін білім және ғылым министрі мемлекеттік грантқа түсетін студенттердың психологиясын өзгертуге және жауапкершілігін арттыруға арналған пилоттық жоба жайында айтқан еді.

— Мәселен, біз грант ақшасын студенттің есепшотына аударамыз. Ол болса емтихандарды тапсырған сайын жоғары оқу орнына ақшаны төлеп тұрады. Әрине, студент қаржыны оқудан басқа ешқайда жұмсай алмайды. Оқымаса, ақша бюджетке қайтарылады, - деген Аймағамбетов.

 Қазіргі кезде осы бастама пилоттық жоба ретінде қолға алынған. Тәжірибе барысында  артықшылықтары мен кемшіліктері белгілі болады.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар