Абаев: Талибанмен келіссөздер жүргізу ұтымды

cover

Қазақстан президенті әкімшілігі басшысының орынбасары Дәурен Абаев қазақстандық дипломаттарының тамыз айында Ауғанстанға нақты толық бақылау орнатқан «Талибан»* радикалды қозғалысының өкілдерімен жүргізген келіссөздерге түсініктеме берді.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Абаевтың айтуынша, Ауғанстандағы «Талибан»* қозғалысының билікке оралуы «ең қолайлысы емес», бірақ «кейбір басқа лаңкестік топтармен салыстырғанда жаман емес».

— Кем дегенде, Талибан* көрші мемлекеттерді басып алуды мақсат етпейді. Талибан* режимі экономикалық проблемалар салдарынан құлаған жағдайда, олардың орнына «Ислам мемлекеті» сияқты экстремистік топтың келмеуіне кепілдік жоқ. Егер осы логикаға сүйенетін болсақ, онда «Талибанмен»* келіссөздер жүргізу — ұтымды, - деді Абаев «Открытый диалог — 2.0» бағдарламасының эфирінде.

Президент әкімшілігі басшысы орынбасарының түсініктемелеріне қарағанда, бұған Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыханов бастаған қазақстандық делегация таяуда Кабулға жасаған сапары кіреді. Бұл қазақстандық делегацияның тамыздың ортасында Талибан* Кабулды басып алғаннан бері Ауғанстанға алғашқы сапары.

Сапар барысында президент елшісі «Талибан»* әкімшілігінің жоғары лауазымды мүшелерімен кездесіп, Ауғанстанға жіберілетін гуманитарлық көмек пен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді талқылады. Бұл әлеуметтік желілерде сынға ұшырады. Атап айтқанда, үкімет сыншылары Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде бес мың тонна ұн беруді терроризмді қаржыландыру ретінде қарау керек деген пікір білдірді. Сондай-ақ, Қазақстан сыртқы істер министрлігі өкілі мен мемлекеттік телеарна журналисі қарулы содырлардың жанында түскен суреттері резонанс тудырды.

— Ықтимал гуманитарлық апат енді тек Ауғанстанның ғана проблемасы емес. Екінші жағынан, біз террористік ұйым ретінде Талибан* қозғалысына тыйым салуды жоққа шығара алмаймыз, — деді Абаев.

  • Талибан* – Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар