Ақтөбе облысында жоғалған геологтар табылды

cover

Жоғалған геологтар тобы Ақтөбе облысындағы іздеу жұмыстарының үшінші күні табылды.

«Сағат 14.50-де жоғалғандар өздері хабарласып, Қисықсай қыстағынан табылды. Жағдайлары жақсы, медициналық көмекке мұқтаж емес. Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылына геологтарды жеткізу жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

25 қараша күні сағат 10.30 шамасында УАЗ автокөлігімен төрт геолог Әйтеке би ауданы Талдық ауылынан Қайыңдыға шығып, сол жерден Қайрақтыға бармақ болған, бірақ сол күні сағат 18.00-ден бастап олармен байланыс үзілген.

«Геологтарды іздеуді бес іздеу тобы жүргізді, олардың құрамында сегіз көлікте 33 адам болды. 27 қарашада сағат 11.00-де құтқарушылар Ақтөбе-Құмсай-Қайрақты-Қайыңды-Милысай-Аралтоғай бағыты бойынша Kazaviaspas Eурокоптер ұшағымен ұшып өтті, бірақ олар геологтарды таппады» делінген хабарламада.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар