Ақбөкен мүйіздерінің соңғы жылдардағы ең үлкен партиясы ұсталды

cover

Ішкі істер министрлігі криминалдық полиция басқармасы мен Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлерінің бірлескен арнайы операциясы кезінде Бөкейорда ауданының үш тұрғыны ұсталды.

Бұл туралы Orda.kz хабарлады.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, ауыл тұрғындарының көлігінен сегіз қапқа салынған 805 ақбөкен мүйізі табылған. Бұл соңғы бірнеше жылдағы ең ірі партия.

– Ұсталғандардың айғақтарына сәйкес, 2020 жылдың күзінен бастап осы уақытқа дейін олар аудан аумағында табылған ақбөкендердің өліктерінен мүйізін кесіп келген. Олар мүйіздерді әрі қарай өткізу мақсатында сақтаған, - деді Белгібеков.

Күдіктілерге киік мүйіздерімен заңсыз жұмыс жасау бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Іс шеңберінде бірнеше сараптама тағайындалды, оның ішінде биологиялық және траеологиялық. Олар мүйіздерді өлтірілген жануарлардың өлекселерінен кесу іздерін және олардың тиесілігін анықтауы керек.

Алдын ала есептеулер бойынша, браконьерлердің әрекеттерінен келтірілген шығын екі миллиардтан астам теңгені құрады.

Жыл басынан бері заңсыз аң аулаудың бес фактісі және сирек кездесетін жануарларды заңсыз ұстаудың 15 фактісі анықталды.

Зоя Сладкова, Орал

Аударған: Айнұр Дәрібаева

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар