«7-20-25»-тің орнына қандай ипотекалық бағдарлама іске қосылатыны белгілі болды

cover Фото: Pixabay

Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен ипотеканың жаңа түрі іске қосылуы мүмкін, деп хабарлады «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің басқарма төрағасы Қанат Шалапаев.

«Зейнетақы жинақтарының тұрғын үйге жұмсауға болатын шекті мөлшерінің өсуіне және келесі жылы «7-20-25» бағдарламасының аяқталуына байланысты 500 млрд теңге ипотекаға немесе 35 мың пәтерге деген сұраныстың төмен болуы болжанып отыр. Жеке құрылыс салушылардың коммерциялық тұрғын үйді сату жылдамдығы айтарлықтай төмендеуі мүмкін.Сұраныстың өтелмеуіне жол бермеу мақсатында халық үшін Екінші деңгейлі банктердің нарықтық ипотекасы бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тетігін іске қосу ұсынылады» деді Шалапаев.

Оның айтуынша, Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде мынадай базалық шарттар ұсынылып отыр:

  • бастапқы жарна 20 пайыздан басталатын;
  • кредит беру мерзімі 20 жылға дейін болатын;
  • қарыздың ең жоғарғы сомасы 35 млн теңгеге дейін жететін;
  • төлем қабілеттілігін міндетті түрде растауды қажет ететін ипотеканы іске қосу ұсынылуда.

«Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің деңгейінен 5%-дан аспайтын ипотека бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 7% субсидияланады. Екінші деңгейлі банктер өз қаражаты есебінен құрылыс салушылардың бастапқы тұрғын үйіне және Қазақстан тұрғын үй компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген салынып жатқан тұрғын үйге қарыз бере алады. Осы бағдарламаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер қажет емес. Қазіргі уақытта бюджеттік өтінім Қаржы министрлігінің қарауында. Бюджет мақұлданғаннан кейін, Қазақстандық тұрғын үй компаниясы осы бағдарламаны дереу іске қосуға дайын» деді ол Үкімет отырысында.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар