26 қарашаға ауа райы болжамы: тұман, көктайғақ, бұрқасын

cover

Синоптиктер 26 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

«Республиканың басым бөлігінде қар жауады. Оңтүстікте жаңбыр аралас қар күтіледі. Тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады» делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сондай-ақ республикада синоптиктер тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күшейеді деп болжады.

Түркістанда бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың батысында желдің күші 15-20 м/с, таулы өткелдерде 25 м/с дейін жел күтіледі.

Жамбылда тұман, көктайғақ, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында желдің күші 15-20 м/с, түнде екпіні екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында – бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде және батысында бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қарағанды ​​облысының шығысында – бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың солтүстігінде – тұман.

Қостанай облысының солтүстігінде – бұрқасын, көктайғақ, жел 15-20 м/с күшейеді, облыстың оңтүстігінде – тұман.

Ақтөбе облысының солтүстігінде түнде – қарлы боран соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігі мен шығысында – жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында – қарлы боран, облыстың солтүстігінде – тұман.

Қызылорданың орталығында, Батыс Қазақстанның солтүстігінде, Атырау, Маңғыстау облыстарының батысында тұман түседі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-батыстан соғатын жел түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -21...- 23°С, күндіз -8...-10°С болады.

Алматыда бұлтты, таңертең және күндіз жауын-шашынды (жаңбыр аралас қар жауады). Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 2-7 м/с, екпіні 12 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 0 ... + 2 ° С, одан әрі төмендейді.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр аралас қар жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел түнде 8-13 м/с, екпіні түнде 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -1...+1°С, күндіз +4...+6°С.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар