2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге көтеріледі

cover

Қазақстанда 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысын 561 мың теңгеге дейін көтеруді жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов депутаттық сауалға берген жауабында айтты.

Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.  

Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру көзделіп, 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақының 2,5 еселенген деңгейіне дейін жеткізу көзделгенін еске салды.

– 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтерді ұсыну тарифтері көтерілді, сәйкесінше дәрігерлердің жалақысы жыл сайын орта есеппен 30% -ға көтеріліп отырылды. Дәрігерлердің жалақысын 246 мың теңгеден (2020 ж.) 561 мың теңгеге (2023) дейін көтеру жоспарланып отыр, - деді Тоғжанов.

Премьер-Министрдің орынбасары 2021 жылға дейін медициналық кадрлардың жетіспеушілігін төмендету үшін жол картасы бекітілгенін айтты.

– Медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселелері үкімет отырысында қаралды және әкімдіктерге медицина қызметкерлерін қаржылай ынталандыру шараларын қабылдау тапсырылды , - деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар