«10 млн теңгені кім алды?»: Бурахан Дақанов бастаған «Тәуекел» ұйымы тендерден жеңілді
Коллаж Orda.kz
Солтүстікке қазақтарды қоныстандыру мәселесін көтеріп жүрген «Тәуекел» ұйымының жетекшісі Бурахан Дақанов көші-қон мәселесін шешу үшін мемлекеттік тендерге қатысып, 10 миллион теңге көлеміндегі қаржыны ұта алмағанын хабарлады.
Бурахан Дақанов facebook парақшасында «Тәуекел» ұйымының тендердегі сәтсіздігі жайлы баяндады. Оның айтуынша осы тендерге қатысқан төрт ұйымның төртеуі де солтүстіктікі.
«Тәуекел» ұйымының басшысы Бураханның айтуынша, олардың ұйымы 1,5 жыл бойы тендерге дайындалған. Алайда бәсекелестік қарқынды болып, тәжірибесі көбірек ұйым тендерді ұтып алды.
Бурахан мен оның ұйымы жеңімпаздарды тендерден бас тартуға көндіруге тырысқанымен, нәтиже болмапты. Қазіргі таңда «Тәуекел» ұйымы миграциялық мәселелерді шешуге арналған жаңа жобалар жасау үстінде. Бірақ қаржылық қиындыққа тап болып отыр.
Барлық қиындықтарға қарамастан, Бурахан ұйымының жұмысын жалғастыратынын және көші-қон мәселелерін шешуге үлес қосатынын айтты.
«Бәрін қойшы, өз басым көш мәселесі тоқтамайтынына, сол көштің үдеуінің басы қасында осы «Тauekel» ұйымы тұратынына имандай сенемін. Сондықтан өз жұмысымызды бір сәтке де тоқтатпаймыз. Теріскей бізге аманат» деді Бурахан Дақанов өз жазбасында.
Жаңалықтар
- Алматыдан Алатауға метромен емес, LRT-мен қатынаймыз
- Базарбек шенеуніктердің бос уәдесін сынады: ҚҚС жойылды, ұшақ билеті арзандады ма?
- «Бізге ешкім ескерткен жоқ»: Hilton дауына байланысты қонақүй өкілдері сот орындаушысымен сөзге келді
- Қырғызстанның бұрынғы депутаты Өмірбек Бәкіров Жоғарғы сотта ақталды
- Қазақстан мен Қытай бірлескен астық сауда алаңын құрады
- Өңіраралық рейд: Ақтөбеде1300-ден аса ереже бұзу дерегі тіркелді
- Зеленский: Ресей жаңа «шабуылдың бес сценарийін» дайындап жатыр
- Екі ел арасындағы әріптестікке 30 жыл: Путин мен Си Цзиньпин Қытайда не шешті?
- Қазақстан соты «Газпромнан» «Нафтогаз» пайдасына 1,4 млрд долларды мәжбүрлі түрде өндіруге рұқсат берді
- Бетіне доп тиіп, жарақат алған ақтөбелік жанкүйер Наниден жейде мен екі абонемент алды
- Бестөбе кенішіндегі шахтадан алтын іздеген тағы екі адам қаза болды
- Студентті пышақтап өлтірген 14 жастағы жасөспірім 8 жылға сотталды
- Шымкенттік түлек шетелдің 90 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды
- Алматыда BRT құрылысы тоқтатыла тұрып, LRT жобасы жүзеге асырылады
- Асхат Аймағамбетов түлектер кеші «даңғойлық жәрмеңкесіне» айналғанын айтты
- Әуетакси Алматы әуежайынан Медеуге дейін 10–12 минутта жетеді
- Тәуелсіздік сарайында Кения президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті
- Қазақстан тумасы Дубайдағы криптобизнесмен мен оның жұбайын өлтіру ісіне күдікті
- Маңғыстауда бұрғылау жұмыстарына қатысты 474 млн теңге айыппұл салынды
- Парламент алты Конституциялық заңды қабылдады