10 адамды өлтірген Өзбекстан азаматы өмір бойына сотталды
Фото: Киев прокуратурасы
Украинада 10 адамды қатыгездікпен өлтірген 39 жастағы Өзбекстан азаматы өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Ер адам Украинаның әртүрлі аймағында жүріп, 10 адамды аяусыз өлтірген.
Прокуратураның мәліметінше, қылмыскер адамдарды 2018 жылдан 2024 жылға дейін өлтіріп келген. Зардап шеккендердің арасында Украина, Литва, Грузия және Өзбекстан азаматтары бар.
Ол қылмысының әрқайсысын мұқият жоспарланған. Қылмыскер алдымен адамдардың сеніміне кіріп, бірге ішімдік ішуді сылтауратып, содан кейін өлтіріп отырған. Құрбандар 35 пен 81 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер. Қылмыскер әуелі адамдарды тұншықтырып, кейін таспен ұрып өлтірген. Кейбірін пышақтаған. Бәрінің телефоны, ақшасы және басқа да заттарын қолды қылып отырған.
Ер адам соңғы рет гүл дүкенінің сатушысын 34 рет пышақ сұғып өлтірген. Оның қылмысы бейнеге түсіп қалған. Қылмыскер көп ұзамай ұсталды. Жауап алу кезінде оның осы марқұмнан басқа 9 адамның өліміне қатысы бары анықталды.
Айта кетейік, қаңтарда Павлодарда мектеп оқушысын зорлаған футбол менеджері өмір бойына сотталды. Ал сәуірде Семейде мектеп мұғалімі оқушыны зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған еді.
Жаңалықтар
- Қазақстан оқушылары көктемгі демалыста қанша күн демалады?
- Ақтөбеде екі ер адамның мәйіті табылды: «Маньяк» туралы ақпарат рас па?
- Тұрғындарды «референдумға тіркеу» сылтауымен алдап жатыр
- Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам қазақстандық елге оралды
- Тоқаев: Әлемде соғыс қаупі күшейді, Қазақстан теңгерімді сыртқы саясат жүргізеді
- «Түптеп келгенде, мұның бәрі елдің ертеңі үшін жасалып жатыр»: Тоқаев референдум жайлы сөз қозғады
- Таразда 9-сынып оқушысын жеті қыз жабылып кастетпен ұрып кеткен
- Қазақ тілінің мәртебесі төмендеді деп байбалам салудың қажеті жоқ – Тоқаев
- Тоқаев қолданыстағы Конституцияны сынамауға шақырды
- Тоқаев: Бюджет қаражатына ғана иек артып отыратын «масылдықтан» арылу қажет
- Иранның Қазақстандағы елшісі — «Қазақстан үшін Ираннан ешқандай қауіп жоқ»
- «Крокус Сити Холл» теракті: Күдікті өмір бойына сотталды
- Атырауда алты сағат қызды қорлаған жігіт 30 тәулікке қамалды
- Енді электрлі самокаттарды да нөмір болуы міндеттеледі
- LRT жол жүру құны шамамен 200 теңге болуы мүмкін
- Алматыда қойма ғимаратынан өрт шықты
- Ирак жағалауында мұнай танкері жарылып, бір адам ажал құшты
- Үндістандағы балық базарында ірі өрт жүздеген лашықтың күлін көкке ұшырды
- Петропавлдық мұғалім Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Заңсыз 185 млн теңге тапқан: Теміртауда криптоферма ашқан ер адам сотталды