1 ақпаннан бастап Алматыда жылу бағасы төмендейді

cover

Алматыда қала тұрғындарын жылумен қамту тарифі үш пайызға төмендеді. Мұндай шешім көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты қабылданды деп хабарлайды табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті.

Төмендетілген тариф 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап күшіне енеді. Алматыда жылумен қамту тарифін төмендету есебінен  552 миллион теңге үнемделеді.

«2020 жылдың фактісі бойынша көрсетілетін қызметтер көлемінің өсуіне байланысты табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті қала тұрғындарын жылумен қамту тарифін үш пайызға төмендетті. Төмендетілген тариф 2021 жылдың 1 ақпанынан бастап қолданылады. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізу үшін халықтың жүктемесін бюджеттік ұйымдарға қайта бөлу фактісі қосымша ықпал етті», - делінген хабарламада.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап жылумен жабдықтауға арналған тарифтің жоспарлы 14 пайызға өсуі күтілген. Алайда, Алматы бойынша ТМРА энергия көздеріндегі тарифтің төмендеуіне байланысты  тарифтің өсуіне жол берілмеді. 

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар