Қорғаныс министрлігі: Қарулы күштер бейбіт азаматтарға қарсы қару қолданбады
Редакция қаңтар айында жолдаған сұрау хатқа қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың орнына орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жауап берді. Вице-министрдің сөзінше, Қазақстанның қарулы күштері бейбіт азаматтарға қарсы қару қолданбаған. Осыған ұқсас жауапты президент Тоқаев пен оның сенімді өкілі, мемлекеттік хатшы Қарин де айтқан. Дегенмен билік түсіндірмесі оқиға орнында болған куәгерлердің сөзімен қабыспайды, тіпті мүлде қайшы.
.
Қаңтар оқиғаларында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері бейбіт азаматтарға қарсы қару қолданған жоқ.
Қазақстан қорғаныс министрінің
орынбасары Сұлтан Қамалетдинов
«Алматы гарнизонында Қарулы Күштерден Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері және әскери-оқу орындарының жоғары курс курсанттары қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша тапсырмаларды орындауға жұмылдырылды» делінген ресми жауапта.
6 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңында топтасып тұрған бейбіт азаматтарға қарсы «қару қолданған әскер мен техника қай мекемеден (бөлімшелерден) бөлінді және қанша әскери ресурс жұмылдырылды?», «Олар қарулы күштердің қай түріне тиесілі?», «Бейбіт наразыларға қарсы орындалған әскери іс-қимылдың салдарынан неше адам қаза тапты?», «Алаңда баннер жайып тұрғандарға қарсы қару қолдануға кім қандай негізде бұйрық берді?» деген сауалдарды ведомствоның ішкі бұйрығына байланысты жауапсыз қалдырды.
«ҚР Қарулы Күштеріне қатысты таратылуға шектеулі қызметтік ақпарттар тізімі туралы» Қорғаныс министрлігінің ішкі бұйрығы талабының негізінде жұмылдырылған әскер мен техниканың нақты саны бойынша ақпарат таратылуы шектелген мәліметке жатады», – деп мәлімдеді қорғаныс министрлігі.
Ведомство ұсынған ақпаратқа қарағанда, 4-7 қаңтар күндері Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті бақылап-сақтауға Құрлық әскерлерінің әскери қызметшілері мен әскери-оқу орындарының жоғары курс курсанттары жұмылдырылып, тапсырма орындаған. Бірақ жұмылдырылған жеке құрамның нақты саны да құпия.
Сонымен қоса, вице-министр Сұлтан Қамалетдинов Алматыдағы дүрбелеңде екі әскеридің – подполковник Сәндібек Қайыров пен ефрейтор Ғабдолла Смайылқанов қаза тауып, 131 курсант жарақат алғанын хабарлады. Марқұмдардың отбасына әскери борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы, мемлекет мүддесін қорғаудағы жасаған ерліктері үшін II және III дәрежелі «Айбын» ордендері табысталған.
Ақпарат және коммуникациялар департаменті дайындаған жауапты бес бірдей шенеунік тексеріп құптаған. Хатқа былтыр қараша вице-министр орнына келген Қамалетдинов қол қойған.
БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде 6 қаңтарда күндіз алаңға жиналған бейбіт наразыларға Фурманов (қазіргі Назарбаев даңғылы) және Желтоқсан көшелерінен «әскерилер еш ескертусіз оқ жаудырғаны» жайлы куәгерлердің мәлімдемелері көптеп жарияланып жатыр. «Біз террорист емеспіз, қарапайым халықпыз» деген жазуы бар шамамен 15 метр ақ түсті баннер жайып, бейбіт тұрған азаматтарға қару қолданылды деген жағдайды билік әзірге растар емес.
7 қаңтарда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың күштік құрылым мен әскерге ескертусіз атуды бұйырғанын мәлімдеуі халықты, халықаралық қауымдастық пен құқық қорғаушыларды қатты алаңдатты. Полицияның мәліметінше, бір Алматыда 149 адам, оның ішінде 11 күштік құрылым қызметкері қаза тапқан. Билік тәртіпсіздіктерге қатыспаған, бірақ атылған оқтан көз жұмған бейбіт тұрғындар мен бейбіт наразылыққа шыққан марқұмдардың санын нақты айтпады. Суық қарудан опат болғандар тек 6 қаңтарда емес, 5 және 7-8 қаңтар күндері де тіркелген.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады