Асхат Қасенғали: үміткерлердің саяси белсенділігі байқалмайды
Алматыда президент сайлауы қарсаңында тәуелсіз «Бақыла» қоғамдық қозғалысы құрылды. Қоғамдық қозғалыстың құрамында белгілі саясаттанушылар мен қоғам белсенділері бар.
Ұйымдастырушылар қозғалыс қатарына әр аймақтан әртүрлі ұйым кіре алатынын мәлімдеді. Тек бір ғана талап - бақылаушылар 18 жасқа толуы тиіс және ешқандай партияға мүше болмауы керек.
Сайлау қорытындысы 20 қараша күні белгілі болады. Кезектен тыс президент сайлауын 641 халықаралық байқаушы қадағалайды.
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров мәлімдеді. Сайлауға 10 халықаралық ұйымнан 532 бақылаушы және 35 шет мемлекеттен 109 бақылаушы қатысады.
Дауыс беру процесін қадағалау және «Бақыла» қоғамдық қозғалысының мақсат-мүддесі туралы қозғалыстың ұйымдастырушысы, саясаттанушы Асхат Қасенғалидің пікірін білдік.
Саясаттанушының айтуынша, қоғамдық қозғалыстың негізгі мақсаты – сайлау процесін бақылау.
– Кез келген сайлаудың атрибуті – кандидаттар, комиссия мүшелері, бақылаушылар. Сайлаудағы ең маңызды сәттердің бірі бақылау процесі. Қоғам тарапынан бұл сайлау шешіліп қойды деген секілді түрлі дүниелер айтылады. Бірақ «Бақыла» қоғамдық қозғалысы бұл сайлауда дауыс берудің қалай өткенін, заң бұзушылықтар жағын қадағалау маңызды деп санайды. Ерікті азаматтар тіркеліп, сайлау процесін көзбен көре алады. Негізгі мақсат – сайлау процесін бақылау.
Сайлау тартысты өтуі үшін үміткерлер мықты болуы керек
– Біріншіден, сайлау тартысты болуы үшін кандидаттар мықты болуы керек. Бірақ үміткерлер қоғамдағы саяси тұлғалық танымдылығы жағынан әлсіз. Біздің ойымызша, сайлауда қызу талас-тартыс болмайды. Күлкілі болса да айтайық, кандидаттар екінші орынға таласуы мүмкін. Бұл әрине біздің қоғам үшін өкінішті дүние. Себебі, әлемдік деңгейде сайлау кезінде бірінші орынға таласу қызықты өтеді. Теледебатқа бас кандидаттың өзі келмей қалды. Бұл дұрыс емес деп санаймын, саяси науқан болған соң барлығы қатысуы керек. Егер дұрыс саяси қадамдар болғанда халық сайлауға қызығушылық танытар еді. Саяси науқан тартысты өтер еді. Әзірге біз бұндай қадамдарды көрмей отырмыз. Сайлауалды үгіт-насихат науқандары да жоғары деңгейде өткен жоқ. Президенттікке үміткерлер жеке кәсіпорындарға барып жатыр. Бірақ мыңдаған аудитория жинап, өз бағдарламасын таныстырған сәттерін байқай алмадық. Сондай-ақ әлеуметтік желідегі бейнежазбаларының саяси белсенділігі, бір-бірінің бағдарламаларын ашық сынау секілді әрекет болған жоқ.
Заң бұзушылық фактілерін тіркеп, хаттама толтырамыз
– Заң бойынша белгіленген алгоритмдер бар. Бақылаушылардың басты функциясы – заң бұзушылықтарды тіркеу. Заң бұзушылық тіркелген жағдайда хаттама толтыру. Көп жағдайда кешкі дауыс санау кезінде бақылаушыларды шығарып тастағысы келеді. Сайлау учаскелерінде заңбұзушылық орын алған жағдайда фото, видеоға түсіріледі. Осындай дәйектерді пайдаланып, заң аясында шешім қабылданады. Бір ғана тыйым салынған дүние бар - тікелей эфир жүргізуге болмайды. Ең маңызды нәрсе хаттама толтырып, алып шығу. Бұны мамандар бақылаушыларға үйретіп жатыр. Біздің қозғалысқа кәсіби маман ретінде Дос Көшім деген азаматты шақырдық. Дос Көшім бақылау үрдісін қазақ және орыс тілінде оқытады. Дәрістер онлайн, оффлайн режимде өтіп жатыр. «Бақыла» қоғамдық қозғалысының мүшелері заң бұзушылық кезінде қалай әрекет етуді, хаттама толтыруды кәсіби маманнан үйренеді.
Бақылаушы ұйымдардың қаржыландыру көзін тексеру керек
– Қазір бұқаралық ақпарат құралдарының шетел мүддесіне жұмыс істеп кетуі мүмкін деген хаттамалар ұсынылып жатыр. Әрине, бір мемлекет екінші мемлекеттің ішкі саясатына араласуға құқығы жоқ. Бұндайға жол берілмейді. Бұл барлық елдегі ортақ тәжірибе. Бақылаушы ұйымдардың қаржыландыру көзін тексеру керек. Көптеген ұйымдарда деңгей жоқ. Бірақ сайлау алдында бұндай бастамаларды ұсыну қате әрекет деп санаймын. Сайлау қарсаңында осындай бастама ұсыну арқылы бақылаушы ұйымдарға қысастық жасау, кедергі келтіру механизмдері қалыптаспауы тиіс деп ойлаймын.
Кезектен тыс президент сайлауын өткізуге еш негіз жоқ
– Азамат ретіндегі жеке пікірім – кезектен тыс президент сайлауын өткізуге еш негіз жоқ. Заң бойынша президент сайлауы 2024 жылы өтуі тиіс еді. Олар реваншистік күштер келесі сайлауға әсер ете алмауы үшін жылдам негізде өткізіп жіберу қажет деп түсінсе керек. Екіншіден, геосаяси жағдайға байланысты деген пайымдар да айтылуда. Референдумнан кейін жарияланған кезектен тыс президент сайлауын жариялау сайлаудың сүреңсіз өтуіне себеп болған сияқты.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады