Қандастар туралы жазбасы үшін Сәуле Әбілдаханқызының үстінен арыз түсті

Әлеуметтік желіде жазған жазбасы үшін журалист Сәуле Әбілдаханқызының үстінен арыз түсті, деп хабарлайды Orda.kz.
Бас прокурор Берік Асыловқа Сәуле Әбілдаханқызының үстінен арыз жазылған. «Демос» ҚБ төрағасы Тұрарбек Құсайыновтың арыз жазуына белсендінің әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болыпты. Бұл жайлы ол өзінің Facebook парақшасында жариялады.
Журналист Facebook желісіндегі жазбасында Қытайдан келген қазақтарға шүйліккен. Бұл жазбаның суреттері Facebook желісінде тарап кетті. Жазбаға қатысты басқа журналистер де өз пікірін жазып жатыр.

«Қазақстан Республикасының азаматы ретінде еліміздің бірлігі мен татулығын сақтау мақсатында Сәуле Әбілдаханқызы есімді әйелдің фейсбук әлеуметтік желісінде этникалық қазақтарды шыққан тегіне қарай бөліп, «жалпы,қытайдан келген оралмандарды мемлекет саясатына араластырмау керек.... моральдық қақысы жоқ» деген жазбасына орай құқықтық жауапқа тартуды өтінемін» деп жазылған арызда.
Тұрарбек Құсайынов Сәуле Әбілдаханқызын 4 бап бойынша жазаға тартуды сұрапты. Олар:
- ҚР Конституциясының 14-бабы – барлық азаматтар тең құқыққа ие және этникалық шығу тегіне байланысты кемсітуге болмайды.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы – ұлттық және әлеуметтік алауыздықты қоздыруға тыйым салады.
- ҚР Қылмыстық кодексінің 145-бабы – азаматтардың тең құқықтылығын бұзуға бағытталған кез келген әрекет заңға қайшы.
- ҚР «Халықтың көші-қоны туралы» заңы – шетелдегі этникалық қазақтарға тарихи отанына оралу құқығын береді, олардың азаматтық құқықтарын шектеу заңсыз.


Еске салайық, бұған дейін тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы FlyArystan-ның үстінен арыз жазғанын хабарлаған едік.
Жаңалықтар
- Назарбаевтың баспасөз хатшысы Лев Тараков өмірден озды
- Нығматулиннің ұлы рейдерлік іс бойынша күдікті деп танылған жоқ
- Түркістанда бұрынғы әйелін кепілде ұстаған ер адам сотталды
- Әуежай қызметкерін құтқарған Мұса Әбдірайым өзін жәбірленуші деп танудан бас тартты
- Мәжіліс бірінші оқылымда Салық кодексін мақұлдады
- «Кешірілмейтін іс»: Cancel culture толқыны мен Шәріп Серік
- Мектептерде 7-сыныптан бастап жаңа пән енгізілуі мүмкін
- Түрмеден шыққан актер Михаил Ефремов мансабына оралмақ
- «Қазақстан билігі үшін ресейлік пропагандистер бүтін әлем екенін білмедім». Прокурор айыптау актісін оқыды
- «Маша, мен сені жақсы көремін!»: Темірлан Еңсебек үйқамаққа ауыстыруды сұрады
- «Біз ымыраға келдік»: ҚҚС – 16%, тіркеу шегі – 40 млн теңге: Мәжіліс жаңа салық моделін ұсынды
- Ажырасу қымбаттайды: депутаттар мемлекеттік бажды көтеруді ұсынды
- «Орысша сөйле»: Темірлан Еңсебектің соты жанжалмен басталды
- Шымкентте ер адам танысын террористік топтарға қосылуға үгіттегені үшін сотталды
- АШМ департаменті директорының экс-орынбасары күдікке ілінді
- Ақмола облысында 20 ауыл таратылуы мүмкін: тұрғындар қалаға көшіп жатыр
- «Кальмар ойыны» сериалындағы танымал актер сотталды
- Алматыда мотоцикл айдаған адам жолдағы жұмысшыларды қағып, екі адам қаза тапты
- Халық аспаптар ансамблінің негізін қалаған дирижер көз жұмды
- Түнгі клубтың шатыры құлап, 79 адам көз жұмды