Голан төбесінде Қазақстан туы желбіреді
Жақында қазақстандық әскери қызметшілер келген «Фауар» бітімгершілік базасында Қазақстанның мемлекеттік туы салтанатты түрде көтерілді. Қазақстандық бітімгершілік контингенті Сириядағы атысты тоқтату режимінің сақталуын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Orda.kz.
ҚР Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Фауар базасында 139 қазақстандық бітімгершілік қызмет атқарады. Олар Сириядағы қақтығысқа қатысушы тараптардың атысты тоқтату режимін сақтауын қамтамасыз етеді.
«Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстанға бітімгершілік миссиясын дербес орналастыру және орындау мандатының берілуі біздің әскери қызметшілеріміздің дайындығының жоғары деңгейін және еліміздің әлемдік аренадағы беделінің артып келе жатқанын мойындаудың дәлелі» деп атап өтті Қорғаныс министрлігі.
Қазақстандық контингент қолбасшылық миссиясының запастағы ротасы қызметін атқаратын болады. Олардың міндеттеріне патрульдеу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, бақылау-өткізу пункттерін нығайту және миналардан тазарту кіреді.
Наурыздың ортасында Фауар базасына қазақстандық бітімгершілік күштері келді.
Жаңалықтар
- АҚШ жер серіктеріне шабуыл жасау үшін ғарышқа қару орналастыруды жоспарлап отыр
- Қызылжардағы су басқан үйлердің 80 пайызға жуығы техникалық байқаудан өтті
- Алматыда 1 маусымға дейін Mass Alert сейсмикалық ескерту жүйесі енгізіледі
- Журналист жалаңаш бейнетүсірілімі үшін мемлекеттік органнан өтемақы өндірді
- Бішкекте шетелдіктерге қарсы наразылық күшейе түсті
- Қазақстан бүгін АҚШ құрамасымен хоккейден әлем чемпионатында кездеседі
- Қазақстан мен Жапония су тасқынымен күресуде күш біріктіреді
- «Атырау-Орал» тас жолы тасқын суды өткізу үшін қазылды
- СҚО-да су басқан үй қалмады – Төтенше жағдайлар министрлігі
- Арықтарды жөндеу Алматыны су басудан құтқармайды
- Orda News аптаның басты оқиғаларына шолу жасады
- Ердоған қапаста жатқан бұрынғы жеті генералға рақымшылық жасады
- Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ президенті Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен телефон арқылы сөйлесті
- Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
- Атырауда облыс әкімдігіне қарама-қарсы орналасқан көрікті жерлер су астында қалды
- Қазақстанда Ресей заңнамасын бұзған Өзбекстан азаматтары ұсталды
- Банкроттыққа жүгінетін борышкерлер
- 2025 жылдан бастап кіріс туралы декларацияны жариялау міндетті болады
- Жалақының ЖІӨ-дегі үлесі талап етілетін 50 пайыздың небәрі 30 пайызын құрайды- Әшімбаев
- «Алатау» әлемдегі ең экологиялық таза және озық қала болады