Әділет министрлігі екі саяси партияны тіркеуден бас тартты

cover Фото: Ашық дереккөзден

Елімізде екі саяси партияны тіркеуден бас тартылды, деп хабарлайды Orda.kz порталы.

Осыған дейін елімізде жеті саяси партия тіркелген болатын.

Жыл басында министрлікке саяси партиялар құру туралы үш өтініш түсті. Барлығы тиісті түрде қаралды. Келіп түскендердің ішінде тек біреуі ғана қолдау тапты. Ол – «Ынтымақ» партиясы. Ал қалған екі партияны тіркеуге рұқсат етілмеді. Олардың құжаттары дұрыс болмағандықтан, осындай шешім шығарылды. «Алға Қазақстан» және «Халық дербестігі» партиялары бойынша тізімінің сәйкес келмеуі себебінен бас тартылды, — деді Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова. 


Жаңалықтар

барлық жаңалықтар